English version

Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесі туралы айтты

Контекст дня — 18 апреля 2023 16:30
0 -1

Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдап, оның сапары Қазақстан мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Сіздің сапарыңыз өзара қарым-қатынасымызды дамыту тұрғысынан дер кезінде жасалып отырғанына сенімдімін. Қазақстан үшін Агенттікпен жұмыс істеудің мәні зор. Аса маңызды құрылымның басшысы ретіндегі Сіздің қызметіңізді қолдаймыз және жоғары бағалаймыз, – деді Тоқаев.

Кездесу барысында техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және елімізде АЭС салуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.

Рафаэль Гросси ядролық қарудан бас тарту және оны таратпау үдерісі көшбасшыларының бірі әрі жауапты жақтаушысы ретінде Қазақстанның рөлін жоғары бағалады.

– Біз түрлі салада көп істі бірге атқарып келеміз. Денсаулық сақтау саласынан бастап ядролық энергетиканы дамытуға қатысты болашақ бағдарламаңызға дейін көптеген мәселе бойынша Сізбен пікір алмасатыныма өте қуаныштымын, – деді ол.

Фото: Aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.