Тоқаев: Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент twitter-де әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашалағанын айтты.
– Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!
Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деп жазылған президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Рекомендуемое
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.