Тоқаев азық-түлік тауарлары бағасына қатысты тапсырма берді
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың шаһардың биылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерболат Досаев Алматыда биыл шағын және орта бизнестің 3 мың жобасына 43 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсету жоспарланғанын айтты.
Сондай-ақ газбен жүретін 600 жаңа автобус және 100 троллейбус сатып алу үшін 66 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр.
1 сәуірден бастап қалалық әкімдіктің 15 функциясы аудандық әкімдіктерге беріліп, олардың бюджеті 2,7 есе, яғни 161,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Фото: Aqorda



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.