Тоқаев БАӘ президентін Қазақстанға сапармен шақырды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы Заид Әл Нахаянды келер жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырып, бұл іс-шараға қатысуын елімізге ресми сапарымен ұштастыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Шақыру хатты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянға Әбу-Дабиде табыстады.
Еске салайық, 2 желтоқсан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Сувейдимен кездесіп, қос тарап бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылаған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.