English version

Тоқаев Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады

Контекст дня — 30 августа 2022 17:40
0 -1

Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Президент Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады.

Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды.

– Жұмыс сапары аясында Президент ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады, – делінген жазбада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.