Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкілді қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Саинды Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды» деп жазылған Ақорданың ресми хабарламасында.
Айта кетейік, Аружан Саин 2019 жылы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.
Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетін бітірген.
Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.