Тоқаев Бас Прокурордың орынбасарын қызметінен босатты
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Болат Дембаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Мемлекет басшысының өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды, – деп жазылған хабарламада.
Болат Дембаев 1965 дүниеге келген. Жоғары білімді, Свердлов заң институтының сот-прокурорлық факультетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Қостанай облысында аудан прокуроры көмекшісінің стажеры болып бастаған. 2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.
Фото: prokuror.gov.kz



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.