Тоқаев белгілі журналист Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам дүниеден озды.
– Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Фото: Instagram madi_manatbek
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.