English version

Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

Контекст дня — 4 января 2024 17:30
0 -1

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Айдар Сайтбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Сабыров Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы лауазымынан босатылды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.