English version

Тоқаев дағдарыс жағдайындағы ықтимал қатерлерге дайын болуды тапсырды

Контекст дня — 25 июня 2023 16:00
0 -1

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізіп, Ресей Федерациясындағы жағдайға байланысты берген тапсырмаларын орындау шаралары туралы Премьер-министрдің, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлерінің баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Қазақстан мен Ресей арасын әлемдегі ең ұзын шекара бөліп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Ресей билігінің конституциялық тәртіпті орнату және өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларын қолдағанын еске салды.

– Мемлекет басшысы әскери іс-қимылдарды тоқтату жөніндегі келісімді құптады. Президент кез келген мемлекеттің ішкі саясатында, соның ішінде Қазақстанда да, қоғамдық тәртіп пен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің негізі ретінде заң үстемдігі қағидаты басты басымдық болуға тиіс екенін айтты. Жиында еліміздің қаржы-экономикалық тұрақтылығын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екені атап өтілді. Президент барлық ведомство басшыларына дағдарыс жағдайындағы ықтимал қатерлерге қарсы әрекет етуге дайын болуды тапсырды, – деп жазылған хабарламада.

Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкімет әзірлеген шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдады.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.