Тоқаев «Әділетті Қазақстан» құруға уәде беріп, халықты алдады – Тайжан
Бүгін Алматыдағы Республика алаңында сайлаудың қорытындысымен келіспеген «Халық парламенті» белсенділері жиналды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Алматы әкімдігі рұқсат бермеген бейбіт жиында мәжіліс депутаттығына тәуелсіз кандидат болған Мұхтар Тайжан, Рысбек Сәрсенбай, Инга Иманбай сөз сөйледі.
– 2019 жылы Тоқаев билікке келген соң «Әділетті Қазақстан» құруға уәде берген. Не болды? Алдады. Оған сайлау дәлел. Тоқаев, Әшімбаев, Қарин және өзгелерге айтарым: Халыққа қиянат жасамаңыздар. Халық дауысын ұрлау – үлкен қылмыс. Біз күресті тоқтатпаймыз, – деді қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан.
Сондай-ақ алаңға жиналғандар қаңтар оқиғасының қатысушылары мен саяси тұтқындарды босатуын талап етті.
Фото: Orda.kz
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.