Тоқаев ЕҚЫҰ-дағы келіспеушіліктер туралы мәлімдеме жасады
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Сіздің сапарыңыздың біз үшін маңызы зор. Мен еліміздің осы ұйымға мүше сенімді мемлекет ретінде ЕҚЫҰ-ны қолдайтынын айрықша атап өткім келеді. Ұйымдағы пікірлер қайшылығына қарамастан, ЕҚЫҰ – баламасы жоқ ұйым. Сондықтан біз оның әлеуетіне қолдау білдіруге күш салуымыз керек. 2025 жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өту аясында ЕҚЫҰ-ның өзара диалогқа арналған бірегей платформа ретінде қызмет етуіне жағдай жасау өте маңызды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен тығыз ынтымақтастығы, 2010 жылғы Астана саммитінің декларациясында бекітілгендей, қауіпсіз қоғамдастық құру туралы ортақ көзқарасқа негізделеді, – деді Тоқаев.
Буяр Османи ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара байланысты дамытуға зор маңыз артып отырғанын мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.