English version

Тоқаев екі облыстың әкімін қызметінен босатты

Контекст дня — 1 декабря 2022 14:30
0 -1

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын, – делінген Жарлықта.

Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып Олег Крук тағайындалды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Құмар Ақсақаловты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатты. Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

–Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, – деп жазылған президент жарлығында.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.