Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев еліміздегі футболдың болашағына сеніммен қарайтынын айтты

Контекст дня — 6 декабря 2023 16:30
0
Изображение 1 для Тоқаев еліміздегі футболдың болашағына сеніммен қарайтынын айтты

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Президент сапар аясында облыстың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысудан басталды

Жалпы аумағы 1048 шаршы метрді құрайтын нысанда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көрді.


– Президент спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығына назар аударды. Спорт адамның көзқарасын түзейді. Әсіресе жастарға күш-жігер береді, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Тоқаев футболға қолдау көрсетілетініне тоқталып, аталған спорт түрінің болашағына сеніммен қарайтынын жеткізді.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.