English version

Тоқаев елордаға Астана атауын қайтарды

Контекст дня — 17 сентября 2022 19:16
0 -1

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түзетулерге қол қойып, елордаға Астана атауын қайтарды.

– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында күздің соңына дейін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін айтқан болатын.

Осылайша Ата Заңның 5 бабына өзгерістер енгізіліп, 1 бап қосылды. Демек президент мандаты қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге, 7 жылға шектеледі.

Елорда атауы ресми түрде Астана болып өзгереді. Сондай-ақ, Конституциялық Сот судьяларының қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, олардың өкілеттік мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Сурет: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.