English version

Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Контекст дня — 15 октября 2022 18:15
0 -1

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

– Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, кеше Түркияның солтүстігіндегі Бартын қаласындағы шахтада жарылыс болды. Жарылыс салдарынан екі адам көз жұмды. 40-тан аса адам жер астында қалып қойған.

Фото: Борт 01


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.