Тоқаев Ердоғанға жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
– Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.
Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.