Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев Германия президентін Қазақстанға шақырды

Контекст дня — 18 июня 2023 18:00
0
Изображение 1 для Тоқаев Германия президентін Қазақстанға шақырды

19-21 маусым күндері Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізбек. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беріледі.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен оны нығайту перспективалары қарастырылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.


Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады.

ГФР Президенті Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытының сынама бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Фото: РБК


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.