English version

Тоқаев Google-да жұмыс істейтін қазақ қызын елге шақырды

Контекст дня — 20 сентября 2022 14:30
0 -1

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Іскер топтармен бірқатар екіжақты кездесу аяқталғаннан кейін мемлекет басшысы Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Google компаниясында қызмет атқаратын Арай Сабыржанмен әңгімесі көпшіліктің назарын аударды.

2017 жылы Алматыдағы ХАТУ университетін бітірген Арай Сабыржан 2018 жылы Сан-Францискоға көшіп келеді. Кейін Google компаниясына жұмысқа ауысады.

– Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде компьютер саласынан бакалавр дәрежесін алып, 2018 жылы Сан-Францискоға бардым. Ол жақта бірнеше стартап компанияларда жұмыс істедім. Бүгінде Google компаниясының виртуалды машиналар бағдарламашысы қызметін атқарамын, – деді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас маманды елге шақырып, Қазақстанның мүддесі үшін қызмет етуді ұсынды.

– Елге қайтып келсеңіз сізді көмекке шақырамыз. Енді байланыста боламыз ғой. Америка деген жақсы, бірақ қызметіңізді Қазақстан мүддесіне істеңіз, – деді Тоқаев.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.