English version

Тоқаев Италияға не үшін барды?

Контекст дня — 18 января 2024 17:52
0 -1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды.

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

– Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі, – деп жазылған хабарламада.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.