English version

Тоқаев әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды

Контекст дня — 26 декабря 2022 11:10
0 -1

Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жастан аспайды. Бұл құжатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Әйелдердің зейнет жасына қатысты жаңа ереже «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар сасяаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көрсетілген.

Жаңа заң бойынша әйелдер 2028 жылға дейін 61 жаста зейнетке шығады.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында зейнетақы жүйесін қайта қарау туралы айтқан еді.

Мемлекет басшысы кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітілетінін айтты.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Тоқаев әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.