English version

Тоқаев ҰҚК төрағасына бірқатар тапсырма берді

Контекст дня — 2 мая 2023 17:50
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Сағымбаев мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы, ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді.

Оның айтуынша:
Биылғы төрт айда ҰҚК 8 қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтаған;
Қару-жарақ пен оқ-дәрі жасауға қатысты 7 жасырын цех жойылған;
Заңсыз айналымнан 268 қару, 21 граната және 30 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген;
16 есірткі лабораториясының, 11 халықаралық және 17 өңірлік есірткі каналының жұмысы тоқтатылған;
Мемлекеттік шекараны күзету саласында 6 987 заң бұзушы ұсталған. Шамамен 2,8 миллиард теңге көлемінде валюта, алтын және басқа да тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеген. Қару мен оқ-дәрілерді тасымалдауға қатысты 85 әрекеттің жолы кесілген;
Заңсыз көші-қон бойынша 4 арнаға тосқауыл қойылып, олардың 6 ұйымдастырушысы ұсталған;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық бөлімшелері 37,9 миллионнан астам кибершабуылды және елдің маңызды инфрақұрылым нысандарына бағытталған 1948 DDoS-шабуылға тойтарыс берген.

Кездесу соңында президент Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: Aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.