Тоқаев киберқауіпсіздікке қатысты бірқатар тапсырма берді

Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барып, мекеме қызметімен танысты. Тоқаевқа Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің қазіргі жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Президентке Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, Телекоммуникация желілерін басқару орталығының, сондай-ақ Компьютерлік инциденттерге қарсы ұлттық әрекет ету қызметінің және Зиянды кодты зерттеу орталығының жұмыс процесі мен нәтижелері таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты қызметін қамтамасыз ететін және осы саладағы қауіпсіздікке төнген кез келген қатерге төтеп беретін механизмдерді дамыту маңызды екенін атап өтті, – деп жазылған хабарламада.
Тоқаев бұл қызметті жетілдіру мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Фото: aqorda
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.