Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-Министрдің міндеттерін уақытша Роман Скляр атқарады. Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін жалғастырады.
– Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін, – деп жазылған Қ.Тоқаевтың қаулысында.
Айта кетейік, Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.