Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев Конституциялық Соттың жұмысын жетілдіруді тапсырды

Контекст дня — 29 августа 2023 17:40
0
Изображение 1 для Тоқаев Конституциялық Соттың жұмысын жетілдіруді тапсырды

Бүгін, 29 тамыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпова, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов қатысты.

Президент жиында Конституциялық Соттың жұмысын жетілдіру қажет екенін атап өтті.


– Азаматтар кейбір заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру қажеттігіне назар аударуда. Яғни, Үкімет заңдарға сыни тұрғыда мониторинг жүргізуі керек деген сөз. Бұл ретте жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесі бойынша Конституциялық Соттың шешімдерін ескере отырып, заң жүзінде бекіту қажет. Парламент пен Конституциялық Сот тығыз байланыста жұмыс істегені жөн. Мәжіліс депутаттарының заң шығаруға бастамашылық жасау құқығы бар. Олар осы құқықты пайдаланып, нормативтік актілерге түзетулер енгізе алады, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы құқық қорғау органдары және құқық қорғау құрылымдары алдын алу шараларына баса мән беруі керек екенін баса айтты.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.