Тоқаев Корея президентіне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
– Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді, – деп жазылған жеделхатта.
Сеул қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан 151 адам қаза тапты. 82 адам зардап шеккен.
Бұған дейін Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қазақстандық студенттің қаза тапқанын жаздық.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.