English version

Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке байланысты кеңес өткізді

Контекст дня — 15 марта 2023 15:35
0

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды.

– Отырыс барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті, – деп жазылған хабарламада.

Тоқаев жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Фото: Ақорда


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.