Тоқаев Марокко басшысына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты.
– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, бүгін Мароккода алапат жер сілкінісі болып, 700-ге жуық адам қаза тапты.
Фото: BBC
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.