Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев мектепте хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды

Контекст дня — 5 октября 2023 17:10
0
Изображение 1 для Тоқаев мектепте хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіне қатысып, баяндама жасады. Ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек, – деді мемлекет басшысы,

Тоқаевтың айтуынша, дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет болу керек.


– Жалпы, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды. Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз, – деді президент.

Фото: sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.