Тоқаев Наурыз мейрамында Шавкат Рахмоновпен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысты да пікір білдірді.
– Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты. Тарихи сәт Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы мерекелік іс-шарада белгілі спортшы Шавкат Рахмоновпен әңгімелесті.
Фото: Ақорда
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.