English version

Тоқаев несие алып, қарызға батқан азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты

Контекст дня — 26 октября 2022 15:10
0

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық қоғамдық штабта өткен кездесуде банкроттық туралы заң қабылданғанын жариялады.

– Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданады, ол несие алып, қарызға батқан азаматтарға артық борыштық жүктемеден босауға мүмкіндік береді. Қазір біз осы бағыттағы басқа әдістер туралы ойланып жатырмыз, – деді Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде несие мәселе туралы айтқан болатын.

– Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын, – деді президент.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Тоқаев несие алып, қарызға батқан азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.