Тоқаев несие алып, қарызға батқандарға ұсыныс жариялайды
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып, Жетісу облысы жұртшылығымен кездесті.
Президент халықпен кездесуде әртүрлі маңызды мәселерге тоқталып, нақты тапсырмалар берді.
– Шын мәнінде, әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды. Халқымыз «Әділ істің – бәрі игі» деп бекер айтпаған. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс. Әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға іріткі салып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан, ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етемін. Сонда ғана біз берекелі қоғам, мықты мемлекет боламыз, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев несие алу, қарыз мәселесіне тоқталып, бұл мәселеге қатысты ұсыныс айтатынын жеткізді.
– Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын, – деді Тоқаев.
Фото: Борт 01

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.