Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев: Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке

Контекст дня — 21 апреля 2023 14:30
0
Изображение 1 для Тоқаев: Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ораза айт күні алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіретінін атап өтті.


– Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі. Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар. Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз. Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін! Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін! Айт қабыл болсын, ағайын! – деп жазылған құттықтау мәтінінде.

Фото: Aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.