Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев: Орталық Азия халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келеді

Контекст дня — 20 июня 2023 18:10
0
Изображение 1 для Тоқаев: Орталық Азия халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕуроОдақтың Орталық Азия елдерімен белсенді ынтымақтастығын атап өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, Еуропалық Одақ – Қазақстан үшін аса маңызды сауда серіктесі. Сондай-ақ Орталық Азияның халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келе жатқанын баса айтты.


– Еуропалық Одақ – Қазақстан үшін аса маңызды әрі еліміздің ең ірі сауда серіктесі. Біз өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін еуропалық институттармен тұрақты жұмыс істейміз. Қазақстан – «Орталық Азия + ЕО» форматының белсенді серіктесі. Осы форматтағы соңғы кездесуіміз Қырғызстанда өтті. Жуырда өзара ынтымақтастығымызға, сондай-ақ геосаяси жағдайға қатысты өзекті мәселелерді талқыладық. Орталық Азия халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келеді, – деді президент.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.