Тоқаев орыс тілін дамыту үшін халықаралық ұйым құруды ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілін қолдау үшін халықаралық ұйым құруды ұсынды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин ТМД басшыларының бейресми саммитінде айтты.
– Қасым-Жомарт Кемелұлы ТМД қолдауымен орыс тілін қолдау және дамыту жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы бастама көтерді. Біз бұл үшін президент Тоқаевқа алғыс айтамыз. Менің ойымша, бұл барлық адамдар үшін маңызды, өйткені орыс тілі мемлекетаралық қарым-қатынас тілі болып табылады. Ресейде миллиондаған ТМД азаматтары жұмыс істейді, өз отбасыларын асырау үшін қажетті қаражат табады, – деді Путин.
Айта кетейік, 2023 жыл ТМД-да ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы деп жарияланды.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Жиын барысында ТМД елдерінің басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.