Тоқаев пен Путин Орынборда кездеседі
Орынборда мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастық форумы өтеді.
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко журналистерге бұл іс-шара биылғы жылдың қараша айында өтетінін мәлімдеді.
– Мемлекет басшыларының қатысуымен Орынбордағы өңіраралық ынтымақтастықтың 18-ші форумы өтеді. Бұл қараша айының соңында жоспарланған, – деді ол.
18 қазанда Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Қазақстан туралы пікір білдірді. Лавровтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс ажырамайды.
Фото: kommersant.ru

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.