English version

Тоқаев президент Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды

Контекст дня — 1 сентября 2023 16:30
0 -1

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

Президент Әкімшілігінің Басшысы;
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
Президент Кеңсесінің Бастығы;
Президенттің көмекшілері;
Президенттің кеңесшілері;
Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
 
Жарлыққа сәйкес:
– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
 
Айта кетейік, президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.