English version

Тоқаев: Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес

Контекст дня — 17 июня 2023 17:00
0 -1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысын өткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың арқаны кеңге салып отыратын жиын емес екенін атап өтті.

– Бүгінгі құрылтайдың отырысы еліміздегі қайғылы оқиғадан кейін өтіп жатыр. Абай облысында алапат өрт шығып, азаматтарымыз қаза тапты. Тағы да қайталап айтқым келеді: біз мұндай оқиғадан сабақ алуымыз керек, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет. Ел басына түскен қиындықтар, ең алдымен, біздің береке-бірлігімізді сынға салады. Осындай күрделі сәттер, ең бастысы – шынайы жанашырлық және терең жауапкершілік таныту қажет екенін айқын көрсетеді. Мұны өздеріңіз өте жақсы түсініп отырсыздар, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ Ұлттық құрылтайда президенттің жалпы қызметі туралы сөз болды.

– Жасалған реформалардан кейін Қазақстан Президенті мемлекеттік басқарушы, яғни Конституцияда көрсетілген 7 жылдық мерзімге халықпен өзара келісімшартқа отыратын менеджер ретінде қызмет етеді. Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес, – деді мемлекет басшысы.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.