Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев Путинге: Сіз іс-әрекетіңізбен жаһандық күн тәртібін қалыптастырасыз

Контекст дня — 22 февраля 2024 10:30
0
Изображение 1 для Тоқаев Путинге: Сіз іс-әрекетіңізбен жаһандық күн тәртібін қалыптастырасыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Қазан қаласында алғаш рет өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне шақырғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Шын мәнінде, «Болашақтың ойындары» – IT интеллект пен спорт ұштасқан бірегей формат. Біз мұнда мықты команда әкелдік. Жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Жалпы Қазақстанда IT секторы дамып келеді. Біздің өз ойындарымыз бар. Халықаралық деңгейде жарыстар өткіземіз. Ресей Федерациясы дер кезінде қолға алған осы бастаманы жалғастыру үшін келесі «Болашақтың ойындарын» біздің елімізде ұйымдастыруды ұсынамын, – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысына Ресейде 17 наурызда өтетін президент сайлауын күтетінін жеткізді.

– Бұл – біздің жаңа жылдағы алғашқы кездесуіміз, Владимир Владимирович. Біз бәріміз Ресейде 17 наурызда өтетін президент сайлауын күтіп отырмыз. Түпкілікті нәтиженің ойдағыдай боларына күмәніміз жоқ. Өйткені Ресей Сіздің беделді басшылығыңызбен таңқаларлық табысқа қол жеткізіп келеді. Шын мәнінде, Сіз өз мәлімдемелеріңізбен, іс-әрекетіңізбен жаһандық күн тәртібін қалыптастырасыз. Бұл біздің ынтымақтастығымызға және Сіздің былтыр қараша айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Менің ойымша, қос тарап, екі елдің үкіметтері аталған уағдаластықтарды табысты жүзеге асырып жатыр. Қазірдің өзінде нақты нәтиже бар, – деді Тоқаев.


Сондай-ақ мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысып, ресми мінберден турнирдің салтанатты ашылу рәсімін тамашалады.

– Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.