Тоқаев Путинмен қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумының сессиясы барысында Ресей президенті Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы екенін мәлімдеді.
– Иә, ол (Владимир Путин) Қазақстанның сенімді одақтасы. Мен өз елімнің президенті ретінде Путинмен тығыз қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын, – деп жауап берді мемлекет басшысы Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэнниге.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Қазақстанның Донецк пен Луганск мәселесі бойынша ұстанымы туралы айтқан сөзіне ешқандай жауап берген жоқ деп мәлімдеді.
Манус Крэннимен әңгімелесу барысында мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықтағы келіспеушіліктерге және Ресей-Украина қақтығысын реттеудегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әлсіздігіне назар аударды.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.