Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев әр қаладағы негізгі үш мәселені атады

Контекст дня — 4 октября 2023 18:00
0
Изображение 1 для Тоқаев әр қаладағы негізгі үш мәселені атады

Мемлекет басшысы «Тұран» газ жылу станциясына барды. Президент «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының, сорғы-сүзгі станциясының және үшінші ЖЭО-ның құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс компаниясының өкілдері Қазақстанда газ жылу станцияларының өндірістегі отандық үлесін арттыру үшін газ жабдықтарын өндіруші кәсіпорынмен арада уағдаластықтар бар екенін жеткізді.

Президент газ жылу станцияларын кезең-кезеңмен пайдалануға беруді тапсырды. Сондай-ақ Қазақстанның әр қаласындағы негізгі үш мәселені атар берді.


– Ең алдымен, жобалардың сапасы жоғары болуға тиіс. Біз оны қадағалаймыз. Мұндай жобалар қалаға өте қажет. Мен бұл жерге осы мақсатпен келдім. Әр қалада үш негізгі мәселе бар. Олар – жылу, жарық және су. Тұрғындар бұл қажеттіліктермен міндетті түрде қамтамасыз етілуі керек. Оның үстіне, сөз елорда туралы болып отыр. Ешқандай кідіріс болмауға тиіс. Бұл, түптеп келгенде, біздің мемлекетіміздің беделі мен имиджіне қатысты мәселе. Сондықтан аталған мәселені бәріміз жұмылып, міндетті түрде толық шешуіміз қажет, – деді Тоқаев.

Тоқаев елорда халқының саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқанына байланысты қосымша су көздерімен қамтамасыз ету жолдарын іздеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қаладағы жаңа жылу нысандарының құрылысын уақтылы аяқтауды тапсырды.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.