Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев Ресейдегі дүрбелеңге қатысты пікір білдірді

Контекст дня — 24 июня 2023 18:00
0
Изображение 1 для Тоқаев Ресейдегі дүрбелеңге қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берген. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті.

– Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі, – деп жазылған хабарламада.


Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.