English version

Тоқаев ресми сапармен Германияға барады

Контекст дня — 22 сентября 2023 17:40
0 -1

Мемлекет басшысы 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланған.

– Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.