Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев Сауд Арабиясының Королін құттықтады

Контекст дня — 23 сентября 2023 17:40
0
Изображение 1 для Тоқаев Сауд Арабиясының Королін құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен Корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.


Сондай-ақ Тоқаев Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Фото: Ақорда


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.