Тоқаев ШҚО-ның жаңа әкіміне тапсырма берді
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдап, өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Қатон-Қарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін айтты.
– Президент облыс әкіміне коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде тапсырма берді, – деп жазылған хабарламада.
Фото: aqorda
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.