English version

Тоқаев шахтадағы апатқа қатысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді

Контекст дня — 3 ноября 2022 12:50
0 -1

Қасым-Жомарт Тоқаев  Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.  

– «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін  анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысындағы шахтада 4 кенші қаза тапты. Әкімдік мәліметінше, апат газ дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде болған. Тағы бір жұмысшының денесі іздестіріліп жатыр. Шахтадағы адамдардың қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Төтенше жағдай министрлігі Қарағанды облысындағы шахтада газдан уланып, қаза болған тағы бір адамның денесі табылғанын хабарлады.

Фото: Bloomberg via Getty Images

Изображение 1 для Тоқаев шахтадағы апатқа қатысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.