Тоқаев шекара мәселелерін бейбіт жолмен шешуге шақырды
Астана қаласында «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевт «Орталық Азия – Ресей» саммитінде сөз сөйледі.
– Тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір фактор – өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі. Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды екенін атап өтті.
– Қазіргі жағдайда қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеу маңызды. Бізге өңірішілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыру қажет. Бұл жерде тауар айналымының құрылымын жақсартуға және оның номенклатурасын кеңейтуге мән берген жөн, – деді президент.
Коллаж. Фото: Борт 01
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.