Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев әскери полиция органдары туралы екі заңға қол қойды

Контекст дня — 14 марта 2023 18:10
0
Изображение 1 для Тоқаев әскери полиция органдары туралы екі заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери полиция органдары туралы екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысы «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Заң Әскери полиция органдарының әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдану мәселелерін, сондай-ақ олардың кадрлық құрамы мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтінін айтқан болатын.

Фото: Риа


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.