Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен келді.
Әуежайда Қазақстан Президентін Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алды.
Түркі мемлекеттерінің ұйымына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Бақылаушылар қатарында – Мажарстан мен Түрікменстан бар.
2022 жылғы 11 қарашада Самарқан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді.
Фото: Борт 01

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.