English version

Тоқаев Түркияға тағы да гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Контекст дня — 14 февраля 2023 15:35
0 -1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барып, Академия курсанттары алдында сөз сөйледі.

– Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттайтын боламыз, – деді Тоқаев.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Тоқаев Түркияға тағы да гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.